Жуырда орталыққа «Таңбалы» қорық музейінінен арнайы көрме әкелінген болатын. Осы уақытқа дейін барлық музейлермен тікелей байланыс орнатып келе жатқан біздің негізгі мақсатымыз, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, еліміздегі ерекше тарихи-мәдени орындарды барша келуші қонақтарға насихаттау еді. Соған байланысты осы жолы келген «Таңбалы» қорық музейінің ұйымдастыруымен сан алуан жәдігерлер жеткізілді. Оның ішінде ежелгі тарих кезеңін қамтитын негізгі жәдігерлер бар және солар жөнінде жазылған кітаптар ұсынылған.
Мұның барлығы жастар санасына сіңіріліп, олар еліміздің тарихын толық білсін деген ниетпен ұйымдастырылып отыр. Соған байланысты барлығын біліп, оны көздерімен көру мүмкіндігі жасалынған. Сондықтан да Шамалған ауылында орналасқан «Атамекен» орталығына келген қонақтар әртүрлі экспонаттармен танысып, өздеріне қажетті мәліметтерді ала алады. Біз тек осындай тарихи жәдігерлермен ғана шектелмей, сонымен қатар, өнер саласына байланысты көрмелерді де жиі өткіземіз. Осылайша, түрлі бағыттағы көрмелерді ұйымдастыру арқылы, еліміздің мәдениетінің дамуына үлес қосудамыз. Осы орайда тек Алматы облысы емес, Нұрсұлтан қаласынан да әкелінетін ауқымды көрмелерді өткізу де жоспарда бар. Орталық жұмысы жаңалық-тарымен жаңғырып, баршаға тек қуанышын, тәлім-тәрбие сыйласын деген ойдамыз. Соның бәрі «Таңбалы» қорық музейінен келген көрме секілді барша келуші қонақтарға танылса дейміз.
Айгерім АВЕЗОВА,
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен»
тарихи-мәдени орталығының қызметкері.