Жуырда аудан орталығына қарасты Тасашы ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байеділов Талғат Ескендірұлы, облыстық мәслихат депутаты Алиев Нұрбол Мәжитұлы, «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әлімбай Тұрсынбай Төекеұлы, аудандық мәслихат депутаты Нұғман Алмасбек Нөкербанұлы қабылдау өткізді.
Жиын барысында ең әуелі тұрғындарға ауыл үшін өзекті мәселелер көтерді.
Жалпы Тасашы ауылдық округінде ауыз су және жайылымдық жер өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы ретте Тасашы ауылдық округіне қарасты Ақтасты ауылының тұрғындары ауылда жер, су мәселесін шешу жолдарын қадағалау жөнінде ұсынысын білдірді.
Қабылдау кезінде ауыл тұрғындарымен тілдесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, ұсыныс-тілектерін жинақтап, әр қойған сұрақтарына тиісті жауап берілді.
Алдағы уақытта мобильді қоғамдық қабылдаудың жұмысы жоспарлы түрде өзге елді мекендерде жалғасады.
Өз тілшіміз.