Осы аптаның сәрсенбіcінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап беру үшін, аудан прокурорының міндетін атқарушы Ержан Омбаев қабылдау өткізді.
Жиынды «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов жүргізіп отырды. Қабылдауға келгендер несие беру, нотиралдық кеңседегі алаяқтық, ұрлық сияқты көптеген мәселелер бойынша шағымданды.
Мәселен, Қаскелең қаласының тұрғынының осыдан төрт ай бұрын үйіне ұры түсіп, қомақты қаржыны қолды қылған. Осы жағдайға байланысты күдіктілерге қатысты қайта іс қозғауга көмек көрсетуді сұрады. Ал, Тұрар саяжайының тұратын Борис есімді тұрғынның үйінен құрылыс заттары ұрланған. Ол өзінің бұл істе кімге күдіктенетінін айтты. Райымбек ауылынан келген зейнеткер Күлсара апаның да ауласынан құрылыс заттары ұрланған. Олар аудандық полиция бөлімшесіне арыз жазған, бірақ, әлі күнге дейін ешбір нәтиже жоқтығын айтып, осы істі шешіп беруін өтінді. Келесі кезектегі «Асыл арман» тұр-ғын үй кешенінің Нұрлан есімді тұр-ғынының атынан белгісіз біреулер несие алса, ал, әйтейлік келіншектің үйін рұқсатынсыз өзге біреулерге сатып жіберген. Алаяқтардың құрбаны болған азаматтар бұл жағдайды қалай шешуге және кімге баруға болатынын сұрады.
Қабылдауға келген барлық қарасайлықтардың сұрақтары мен өтініштерін мұқият тыңдаған Ержан Тоқтасынұлы барлық істердің қайта қарастырылып, шешілуін өз назарын ұстайтынын айтты.
Бұрым ОРЫНБАСАР.