Осыдан бір апта бұрын, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыруымен, Қаскелең қаласындағы «Достар» сауда базары мен осы аумақта белгіленбеген сауда орындарында ақпараттық акция ұйымдастырылды. Шараға аудандық полиция басқармасының қызметкерлері де қатысып, түсіндірме жұмыстарға атсалысты.
Аталған акция «Коронавирустық инфекцияның, жіті ішек жұқпалары-ның бұрқ етпе жағдайларының және тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбы аясында өткізілді. Жұмыс барысында тұтынушылар мен саудагерлерге дауыс зорайтқыш (громкоговоритель) құрылғысы арқылы тиісті ақпараттар жеткізіліп, жан-жақты айтылды. Одан бөлек, сауда орындарын аралау кезінде тұрғындарға «Коронавирус. Что надо знать?», «Азық-түлікті қауіпсіздендірудің негізгі ережелері», «Тамақтан уланудан сақтаныңыз!», «Убереги себя от сальмонеллеза» сияқты тақырыптар аясында жазылған нұсқаулық парақшалар таратылды.
Өз тілшіміз.