Жақында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев «Antikor Ortalygy» алаңында өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмектесетін адамдарды қалай ынталандыру жөнінде айтқан болатын.
Жиында аталмыш департаменттің өкілі бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жұмыстың пәрменді тетіктерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу болып табылатынына ерекше тоқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу төмендегідей:
1) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау;
2) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру;
3) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болатын өзге де жәрдем беру.
2020 жылғы 15 ақпаннан бастап сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлағаны үшін сыйақының сараланған жүйесі жұмыс істейді.
Спикердің айтуынша, 2020 жылы Алматы облысының 13 тұрғыны 2 328 280 теңге көлемінде сыйақы алды. Ал, 2021 жылдың басынан бері үш адам 612 570 теңге көлемінде ақшаға ие болған.
Талдау көрсеткендей, негізінен азаматтар парақорлық, ұрлау және билікті теріс пайдалану фактілері туралы хабарлайды.
Ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органға тиісті өтініш береді және ол үшін грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түрінде көтермелеу белгіленуі мүмкін.
Брифинг барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерімен немесе құқық бұзушылық жасаған іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпаратты «1424» телефоны бойынша CALL-орталығына хабарлауға болатыны айтылды. Сонымен қатар, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 36/42 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы облысы бойынша Департаментке жүгінуге болады. Анонимділікке кепілдік берілетінін де айта кеткен жөн.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі.
Сыбайластыққа қарсы іс-қимылға көмектесіп, сыйақыға ие болыңыз
Главная » Новости » Жемқорлыққа қарсы » Сыбайластыққа қарсы іс-қимылға көмектесіп, сыйақыға ие болыңыз