Алматы облысында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықтарды зерделеу және талқылау, халықтың құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділігін қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді, қарышты әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Біздің еліміздің басшылығы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей түрде қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен «Республиканың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»атты жаңа бағдарламалық құжат бекітілді.
Стратегияда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде халықтың құқықтық мәдениетінің төмен деңгейі байқалады, бұл «арам» қызметкерлерге оны пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бойынша кешенді және мақсатты ақпараттық жұмыстың болмауы.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және парасаттылық мәдениетін дамыту бойынша онлайн-семинарлар мен кездесулер өткізілді.
Онлайн-семинарлар мен кездесулерді өткізу үшін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығының білікті мамандары Жаров Ержан Каирович пен Кабылдин Айбек Мейрамханұлы шақырылды.
Іс-шара ««Мархабат.KZ Мүгедектер Қоғамы» ҚБ-мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша әзірленген.