Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттің алдағы бағыттарын айқындап берді. Жолдауда әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа қадамдарына жол ашылып отыр.
Жалпы, Жолдау барысында Президентіміз ауылшаруашылық, цифрландыру, өңдеу, көлік салаларына, өңірлердің дамуы, газдандыру, ауызсумен қамтуға қатысты бірқатар мәселелерді ашып жеткізіп, бұл салалардағы мақсат-міндеттерді іске асыруда бірқатар тапсырма берді. Әсіресе маған көңілімі жағымды болғаны осы Жолдауда елімізде кенжелеп келе жатқан су саласына баса назар аударылғаны. Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Осыны негізге алған Мемлекет басшысы: «Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады», – нақтылы айтты. Иә, расымен еліміздегі су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Дегенмен суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Осыған байланысты Президент елімізде суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқтығын, кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатқандығын айтып, ескерту жасады. Сондай-ақ ол суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеуді тапсырды. Президент Су ресурстары және ирригация министрлігінің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтінінін, сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалалатынын, «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс енгізілетінін жеткізді.
Жолдауда Президент тариф саясатын түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Оның айтуынша егер табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізсе, баға тұрақты болып, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру үшін бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізілелетінін айтты. Яғни, сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады.
Жолдаудың түпкі нәтижесі әрбір қазақстандықтың әлеуетін арттыруға бағытталған. Себебі, мемлекетіміздің басты байлығы – Қазақстан халқы.
Нұрдос НАҒАШБЕКОВ,
«Ушконырирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры.