Байдаулетовтер отбасы – білім мен тәрбиеге адал, ұстаздық дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан үлгілі отбасы. 77 жастағы Бекназарова Аршагүл Пірмағамбетқызы – отбасының ардагер ұстазы. Ұстаздық жолда 28 жыл үздіксіз еңбек етіп, әр баланың қабілетін дамытуға барынша үлес қосып келеді.
Бүгінде отбасы бес ұл тәрбиелеп, ұлды ұяға қондырып, 21 немере мен 21 шөбере сүйіп отыр. Әрбір ұрпақ өз ісінде білім мен еңбекке берілген үлгі болып табылады.
Референдум күні Аршагүл апай балалары, келіндері, немере-шөберелерімен бірге өз азаматтық борышын орындап, дауыс беруге келді:
«Мен өз ұрпақтарымның, немерелерімнің болашағы үшін жауапкершілікпен дауыс бердім. Елдің тағдырын әр азаматтың қолына беру – біздің парызымыз», – деді Аршагүл апай.
Байдаулетовтер отбасының 5 келіні, 3 немересі де шәкірттерін білім мен адамгершілікке бауда белсенді.
Референдумға бару – Байдаулетовтер отбасы үшін тек азаматтық борыш емес, елдің болашағына жасалған маңызды қадам.
Байдаулетовтер отбасы – тек ұстаздар ғана емес, өз елінің келешегіне сеніммен қарап, үлгі болып жүрген отбасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
