Баршамызға белгілі, бүгінде еліміздегі сот жүйесі де уақыт талабына сай жаңа деңгейге көтерілу үстінде. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сот шешімдерінің сапасын арттыруға баса назар аударып отыр. Себебі, қай елде де сот билігі өз мақсатына сай жұмыс істеуі тиіс.
Мәселен, Президент өзінің «Сындырлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы халыққа Жолдауында «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы…
…Жыныстық, зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын» – деп атап көрсетті.
Міне, осы айтылғандар бүкіл құқық қорғау органдарына, оның ішінде сот саласына да үлкен міндеттер жүктейтіні анық. Иә, қылмыс қашанда жазасыз қалмауы тиіс.
Ал, біздің мамандандырылған ауданаралық сот та өзінің алдында тұрған мақсат-мүддесіне сай, Президенттің жүктеген тапсырмаларына байланысты, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша тиісті міндетін сапалы атқарып, осы бағыттағы жұмысын барынша күшейте беретін болады.
Әрине, бұл ретте ең алғашқы кезекте сот шешімінің әділетті түрде шығуына баса мән берілетінің атап айтқанымыз жөн.
Бақыт ЖАМАНБАЛИНА,
Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі.