Жасы ұлғайған адамдардың, қариялардың өмір бойына белсенді болуының да өзіндік мән-маңызы бар. Дені сау, көңілі көтеріңкі болып, уақытпен бірге адымдап жүрсе олардың өзгеге, әсіресе, жастарға көрсетер өнегесі де, үйретер тәжірибесі де аз емес. Әрі бұл өздерінің денсаулығына да аса қажет.
Біздің Ұмтыл ауылдық округінде біраздан бері ардагерлер хоры жұмыс істеуде. Бұл ұжымның шығармашылығы мына атың өшкір індет басталғалы бері баяулап қалып еді. Қазір хорды (өзім де оның мүшесімін) қайта жандандырып жатырмыз. Алла қаласа, қалың ел алдына жарқырай шығатын күн де алыс емес деп ойлаймыз.
Хордың ісінің алға басуына округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Елтай Хасенов мен музыкалық жетекшісі Қалибек Шайжан көп еңбек сіңіруде.
Сөз соңында, қарттар күніне орай, хор мүшелеріне – әріптестеріме аудандық газет арқылы ең ізгі тілек тілеп, денсаулық болып, шаршамайық, шабытымыз арта берсін, тек жақсылыққа жете берейік, дегім келеді!
Гүлсара САҒЫМБЕКОВА,
еңбек ардагері, Алмалыбақ ауылының тұрғыны.