Жақында СДУ әкімшілігі қашықтықтан оқыту форматына көшу бойынша тәжірибені сараптау мақсатында студенттер мен профессор оқытушылар арасында сауалнама жүргізген болатын. Зерттеу негізіне респонденттерден үйде оқыту кезінде туындайтын ресурстар мен қиындықтар бойынша ақпарат жиналды. Сауалнамаға бакалавриат, магистратура және докторантураның 1650 студенті қатысты. Әсіресе, бірінші және екінші курс студенттері аса белсенділік танытты. Студенттердің қашықтықтан оқыту кезінде немен күресетіні және нақты уақыт режиміне неғұрлым оңтайлы бейімделуі бойынша олардың ұсыныстары анықталды. Осы мақсатта толығырақ ақпарат жинау үшін сұрақтар бірнеше санатқа бөлінді: интернетке қол жеткізу, мотивацияны сақтау, тапсырмалар мен орындау мерзімдері, техникалық қиындықтар, үй жағдайында оқу әсері мен ерекшеліктері, онлайн-платформаларды пайдалану және қатысу.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, студенттердің 80%-дан астамы қажетті жабдыққа, интернетке және бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізе алады, қосымша құрылғыларды (смартфондар және басқа гаджеттер) пайдаланады. Өйткені, бағдарламалық қамтамасыз етудің қолжетімділігі ноутбукқа қарағанда 5%-ға жоғары. Сонымен қатар, респонденттердің 15% интернетке қолжетімдік жоқ деп мәлімдеді. Білім алушылардың 65% оңаша болу үшін тыныш кеңістіктің жоқтығына тап болды.
Сауалнама жүргізу барысында 600-ден астам білімгер оқу процесіндегі қиындықтарға байланысты ашық пікір қалдырды. Мәселен, тапсырмалар мен оларды орындау мерзімдері бойынша кейбір респонденттер тапсырмалар санының күрт өсуін атап өтті. Соның салдарынан үй міндеттемелерін орындауға бос уақыт қалмайды.
Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты көптеген студенттер өз туған қалалары мен ауылдарына қайтып кетуге мәжбүр болды. Ал, интернет сапасы қашықтықтан оқытудың маңызды компоненті болып табылатыны белгілі. Осы ретте онлайн-платформаларға қосылған техникалық іркілістер де сабақтардың тиімсіздігіне әкелетіні жасырын емес. Кейбір студенттердің айтуларынша, интернет провайдерлер қызметінің қаржылық аспектілеріне байланысты мәселелерді айтады. Мысалы, бір пән (50 мин) мегабайттардың едәуір санын алады. Сондай-ақ, айдың соңына дейін көптеген студенттер интернетсіз қалады.
Жалпы, жоғарыда аталған сауалнамаға 200-ден астам оқытушы қатысты. Олардың тарапынан ұсынған тиімді кері байланыс онлайн-оқуға теріс көзқарасты көрсетпейтіні де белігілі болды. Кейбіреулер бұл тәжірибені тамаша және күрделі мүмкіндік ретінде қабылдаса, ал, басқалары онлайн оқыту жаңа нәрсе емес екенін мойындайды.
– Оқытушылар мен студенттердің барлық пікірлерін ескере отырып, СДУ әкімшілігі академиялық саясатқа өзгерістер енгізді, онда жүктемені жеңілдететін және оқытушылар мен студенттерді жұмыс пен оқуға ынталандыратын бірқатар кешенді шешімдер ұсынылды, – деп атап өтті СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев.
СДУ Баспасөз қызметі.