Сулейман Демирель атындағы университет басшылығы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті.
Қонаев қаласында өткен кездесуде СДУ ректоры Әлімжан Игенбаев университеттің қызметімен, білім бағдарламаларымен таныстырды. Жиында университет студенттерінің әлеуметтік өміріне қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Ректор өңірдегі жалғыз университет ретінде жаңа облыстың адами капиталын дамытуға атсалысуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Әлімжан Бекежанұлы университет жанындағы инфрақұрылымды дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті. Облыс әкімі Марат Елеусізұлы аймақты дамыту бағытындағы игі істерге қолдау көрсететінін айтты.
Сонымен қатар Сулейман Демирель университетінің басшылығы жиынға қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігімен, Алматы облысы білім басқармасымен және Алматы облысы Ішкі саясат бөлімімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Жоғары оқу орны мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс Алматы облысының өркендеуіне, адами капиталын дамытуға үлес қосады деген үміттеміз.