Жаңа Конституция жобасында вице-президент институтының нақты айқындалуы — мемлекеттік басқару жүйесіндегі сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Президент қызметі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда, барлық жауапкершіліктің вице-президентке өтуі билік вакуумының алдын алып, ел басқаруда үзіліс болмауына мүмкіндік береді.
Бұл норма саяси жүйенің болжамдылығын арттырып, төтенше немесе күтпеген жағдайларда мемлекет институттарының бірқалыпты жұмыс істеуіне кепіл болады. Сонымен қатар, вице-президенттің өкілеттіктері мен міндеттерінің Конституциялық деңгейде бекітілуі атқарушы биліктің ашықтығы мен жауапкершілігін күшейтеді деп ойлаймын.
Алайда қоғам үшін маңызды мәселе — вице-президенттің сайлану тәртібі, оның халық алдындағы жауапкершілігі және өкілеттіктерінің нақты шегі. Осы тетіктер айқын әрі әділ белгіленсе, бұл жаңашылдық мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың билікке деген сенімін нығайта түседі.
Азамат Аширбаев,
Қарасай ауданының мәслихат депутаты.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
