Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп, онда реформаға байланысты келіп түскен ұсыныстар талқыға түсті. Спикерлердің баяндамалары барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер түсіндірілді. Айтылған ойлар мен пайымды пікірлердің бәрі ел дамуына ықпал ететініне сенімдімін. Бұл өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейте түсері анық.
Тағы бір айтар мәселе – ел Президенті бастамашыл болған «Құрылтай» мен «Халық кеңесі» сияқты жаңа органдардың құрылуы. Оған қатысты да осы отырыс кезінде ойлар айтылды. Оның тиімділігі мен мемлекет мүддесі үшін әсері халық арасында бірлікті нығайтады деген ойдамын.
Жалпы айтар болсақ, саяси реформалардың қай қайсын алып қарасақ та, ұтымды ойластырып, қоғамның дамуына, елдің тұрақтылығына едәуір үлес қосары анық. Сондықтан Мемлекет басшысының бастамаларына сеніммен қараймын.
Берікбай ҚАДЫҚОВ,
ардагер-журналист, Қарасай ауданының Құрметті азаматы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
