«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қарасай аудандық полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПТ полиция инспекторы капитан Бутаканов А. Белинский орта мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елубай М. дүкендерге рейд жүргізді.
Рейд барысында сатушыларға кәмелетке толмағандарға темекі және электронды темекі өнімдерін сатуға тыйым салынғаны туралы түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.
Мақсаты: кәмелетке толмағандарға темекі және электронды темекі өнімдерін сатудың алдын алу, сатушылардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыру және жасөспірімдердің денсаулығын қорғау.
Заңды сақтау — әр азаматтың міндеті! Жас ұрпақтың денсаулығын қорғау — баршамызға ортақ жауапкершілік!

