Елімізде кеңінен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жібек жолы ауылдық округінде санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.
Бұл бастама — жай ғана біркүндік акция емес, бұл — туған өлкемізге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің көрінісі. Шара аясында ауыл ішіндегі орталық көшелер, саябақтар мен гүлзарлар, қоғамдық орындар және арық желілері тұрақты түрде қоқыстан тазартылып, ретке келтірілуде.
Таза орта — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!

