Өткен жылда ауданы-мыздың спорт саласы бойынша жеткен жетістіктері жетерлік болды. Спортшыларымыз облыстан бастап халықаралық дәрежедегі жарыстарға қатысып, талай рет жеңіс тұғырынан көрініп, ауданымыздың атын шығарды. Бұл ауданымызда спорт саласының жылдан жылға дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осындай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үлесі зор болды. Аталмыш спорт кешенінің талай шәкірттері өткен жылы Әлем, Азия, Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.
Таяуда спортшыларымен бапкерлерінің жеткен жетістіктерін, жұмысын дәріптеп, жалпы өткен жылды тәмамдау мақсатында спорт мектебінің басшылығы аудандық Мәдениет үйінде «Жыл қорытындысы» атта салтанатты шара өткізді. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен аудандық Мәдениет үйінің атсалысуымен ұйымдастырылған кешке спорт саңлақтары мен бірқатар спорт федерацияларының өкілдері қатысты.
Шараның алғашқы құттықтау сөзі «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжановқа берілді. Партия өкілі жиналғандарды алдымен келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Спортшылардың жетістіктері тек ауданның ғана емес, сондай-ақ облыстың спорт саласының дамуына жақсы талпыныс беріп жатқандығын тілге тиек етіп, бірқатарын «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының және өзінің атынан Алғыс хаттармен марапаттады.
Мұнан кейін сөз кезегі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Күлжан Дүйсеноваға берілді. Бөлім басшысы жиналғандарды спорт мектебінің жетістіктерімен құттықтап, ауданның спорт саңлақтарының арқасында таяуда облыста өткен «Хан тәңірі» сыйлығын табыс ету салтанатында Қарасай ауданы «Үздік спорттық аудан» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленгенін атап өтті. Сонымен қатар біраз спортшыға Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының Алғыс хаттарын табыстады.
Мерекелік кеште өз құттықтауларын аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Қуаныш Ахметжанов пен аудандық ұлттық және ат спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Амандос Ысқақбекұлы да жеткізіп, жастарды қолдап жүрген мектеп директорына және де спортшыларға, алдағы жылға мол табыс тіледі.
Шараның қорытынды сөзін №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абзал Жұмабаев сөйлеп, 2023 жыл жетістіктер мен жеңістерге толы болғанын және де ол бірінші кезекте мектептің бапкерлері мен талапкерлерінің арқасы екенін жеткізіп, ризашылығын білдірді. Осы уақытқа дейін оларға демеушілік қолдау көрсетіп жүргендерге де алғысын айтты. Сондай-ақ алдағы жылда осындай жақсы көрсеткіштерге толы болатынына сенім білдіріп, бір топ спортшыларды Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының және де өзінің атынан Алғыс хаттарды табыс етті.
Мұнан кейін келген қонақ-
тар аудан өнерпаздары ұйым-
дастырған концерттік бағдарламаны тамашалап, аталмыш мектептің каратэ мен тайбокс секцияларының жаттықтырушылары мен шәкірттері дайындаған қойылымдарын көрді.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.