Шамалған бекетіндегі «Даңқы өшпес, мәңгілік жеңіс» атты мерекелік іс-шара әкімдік маңындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында гүл шоқтарын қою салтанатымен бастау алды. Оған округ әкімінің аппараты, 11567-әскери бөлімшесі және алты білім мекемесі қатысты. Ұлы Жеңісті сыйлаған ержүрек батырлардың өлмес, ескірмес ерліктерін әрдайым ұлықтау мақсатында мектеп оқушыларының қатысуымен әскери шеру ұйымдас-тырылып, Шамалған бекетіндегі темір жол өткелі алаңына дейін саптық жүріспен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, одан әрі мерекелік концерт қойылды. Мерекелік іс-шараға ауыл тұрғындары, ауған соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері қатысты. Округ әкімі Ғалия Матанқызы құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, мерекеге орай, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен округ бойынша ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне бір қап ұннан және азық-түлік себеттері таратылды.
А. ӨМІРЗАҚ,
округ әкімі аппаратының жетекші маманы.