Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, жақында аудан аумағына қарасты мешіттердің имамдарымен жиын өткізді. Бас қосуға қатысқандар дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспардың орындалу барысы туралы және кәмелеттік жасқа толмаған жасөсіпірімдер арасында АХАЖ бөлімінде тіркелген неке қию туралы куәлігі болмаған жағдайда рәсімді өткізуге тиым салу туралы мәселелерді талқылады.
Жиынға аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсет Нұрекенов, аудандық әкімдіктің бас маманы Айжан Ізбасар және Хәкім Оразай, Кеулімжай Жүнісбеков сынды дінтанушы мамандар қатысып, тақырыптың айналасында өздерінің ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, жасөспірімдерге қатысты басқа да мәселелер көтерілді.
Айтылған пікірлер ескеріліп, бірқатар имамның тарапынан ұсыныстар назарға алынды.
Өз тілшіміз.