Қарасай ауданының №2 МБЖСМ-де «Заң мен тәртіп» тақырыбында профилактикалық және түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараға Қарасай аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ахметов Ахансеры Шакирбаевич қатысты.
Кездесу барысында спортшыларға заң мен қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, үлкендер мен кішілерге құрметпен қарау, сондай-ақ күш қолдануға және күмәнді топтарға қосылуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға әдіскерлер, спортшылардың жаттықтырушылары және спорт мектебіміздің психологы да қатысты.

