2023 жылдың 23-30 қараша аралығында Қазақстан Республикасының аумағында «Құқықтық тәртіп» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осы аралықта Қарасай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларын Қарасай аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері Қарасай аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мен бірлесе тексеріс жүргізілуде.
Тексеру жүргізудің мақсаты – сотталғандармен қайта қылмыс жасамауын және қоғамдық тәртіп бұзбауын алдын алу, сонымен қатар қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарды анықтау, сот жүктелген міндеттерді орындау.
Аталған аралықта пробация қызметі мен сот жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін 5 сотталғанға қатысты бас бостандығын айыруға сотқа ұсыныс жолданды. Сонымен қатар 6 сотталғанға қатысты ескерту жарияланды.