«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлының қатысуымен Әйтей ауылдық округі, Өмірзақ ықшам ауданының саябағында аудандық сенбілік өтті.
Сенбілікке Әйтей ауылдық округінің әкімі Қатубаев Жарқын Қанатұлы, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Өмірзақ орта мектебінің ұжымы да тазалық шарасына атсалысып, саябақ аумағын тазалауға өз үлесін қосты.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Ауылымыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!

