Қарасай ауданының «AMANAT» партиясының бастауымен, аудандық мәслихат депутаттары Азамат Аширбаев пен Бекжан Сүнбеков, Райымбек ауылдық округі әкімдігі және Қарасай жастарының белсенді қатысуымен Көклайсай аумағында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Акцияға шамамен 40-қа жуық белсенді атсалысып, өзен бойы мен қоғамдық аумақтардан жиналған қоқыстар арнайы көліктерге тиелді. Сондай-ақ, жұмыстарды жеңілдету үшін экскаватор тартылып, қоқыс аршылып жиналды. Нәтижесінде 8 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Аудандық мәслихат депутаты Азамат Аширбаев бұл шара туралы:
«Өкінішке қарай, адамдардың табиғатқа бейжай қарайтыны қынжылтады. Дегенмен, осындай бастамалар қоғамға ой салып, өсіп келе жатқан ұрпаққа әрі барша тұрғындарға үлгі болатынына сенемін», – деді.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан», «Таза Бейсенбі» акциясы ауданымызда тұрақты түрде жалғасын табады.