Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). «Тарих беттерінен» алар тағылым көп
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
«Тарих беттерінен» алар тағылым көп
11:48, 12 октября 2018

«Тарих беттерінен» алар тағылым көп

Мәдениет үйінде ашылған сурет көрмесі

Елбасының «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жуырда, Қаскелең қаласындағы аудандық мәдениет үйінде, суретші Дубек Найманбаевтың «Тарих беттері» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. Бұл жерде ой-қиялынан, арман-аңсарынан, жан-жүрегінен  туған суреттерін «сөйлеткен» қылқалам шеберінің қолынан шыққан көздін жауын алып, ерекше әсерге қалдыратын 20-дан астам туындылары қойылған. Көрменің ашылу салтанатына көптеген қала тұрғындары қатысты.
Алдымен атап айтарымыз, Дубек ағаның шынайы шығармалары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарымен үндес. Қай туындысын алып қарасақ та, бояуының анықтығын, мазмұнының тереңдігін көреміз. Әрі бәрінен де біздің ұлттық бірегейлігіміз, туған елге деген шынайы патриоттық сезімдеріміз айшықтала байқалады. Жалпы, Найманбаевтың туындыларының негізгі тақырыптары – қазақ халқының тарихы. Картиналарынан туған елінің, халқының сан қырлы әрі ғажайып тарихы анық көрінеді.
Дубек – аға өз елінің нағыз патриоты. Қазір біз рухани жаңғыру туралы көп айтып жүрміз. Оның картиналары тарихтың тереңіне бойлап, рухқа тағзым етудің жарқын мысалы. Еңбегі, өмірі шығармашылық ізденістер тың бастамаларға толы. Ол өзін түрлі жанрларда байқап көрді, бәрі де жеміссіз емес.
Д.Найманбаев бұрынғы Гвардия ауданы Қоғалы ауылында 1950 жылы дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының көркем графика факультетін бітіріп, Қоғалыдағы мәдениет үйінде суретші болып жұмыс атқарған.
Кейіннен көп жылдар мектептерде суреттен, сызудан сабақ берген. Осы жылдар аралығында ол көптеген суреттер салған. Олардың бірқатары қазір әртүрлі музей қорларында сақтаулы тұр.
Дубек Найманбаевтың картиналарының сюжеті мен бейнелері қарқынды өзгерістегі әлемде, өзіндік жаңғыру сатысын бастан кешіп отырған қоғамның күнделікті ағымында өзекті деуге болады.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген Ерлан ӘЛИАСҚАРОВ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru