Өзінің тәуелсіздік тарихында дамудың даңғыл жолына түскен Қазақ елін қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі жақсы біледі, құрметтейді.
Қазақстан Республикасы сыртқы саясатта да, ішкі мәселелерде де атап айтарлықтай жетістікке жетіп, өркениет биігіндегі басқа мемлекеттермен иық теңестіріп қалды деуге әбден болады.
Тәуелсіз республикамыздың бүгінде алдымен айрықша мақтан етері, әрине, Астана. Иә, алып та дархан даламыздың қақ ортасынан бой көтерген бұл бас қаламыз бүгінде, шын мәнінде, ел мерейін еселеп өсірген, халықтың қажымас қуатын арттырған, жұрттың жанын шаттандырған міндеті биік, мақсаты жоғары жоба болып отыр.
Ол еліміздің жан-жүрегі, Отанымыздың ортақ ордасы, баршамыздың бойымызға елжандылықтың ерекше сезімін ұялататын, ойымызды өсіретін керемет келбетті қала. Сәулеттік шешімдері де тамсандырады, таң қалдырады.
Осынау елорда төріндегі Ақордадан әрдайым әлемге тек бейбітшілік, тыныштық, татулық, ынтымақ, береке, бірлік үні естіледі!
Ал, алып Бәйтерек айналасына жайнап, жарқырап жарық нұрын шашып тұр!
Айгүл ДОСПАНОВА,
А. Пушкин атындағы орта мектептің мұғалімі.