Талдықорғанның «Жетісу» орталық стадионында Алматы облысы әкімдігі мен ардагерлер командаларының арасында футболдан жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
Өңірде спорттың көптеген түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалынған. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, спортқа деген иекемділіктерін жетілдіруге де мүмкіндіктер зор. Осыны тілге тиек еткен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысушыларды саламатты өмір салтын әрдайым сақтауға шақырды.
– Спортпен шұғылдану тәртіпке үйретеді, тән мен жанды қатар дамытады, денсаулықты шыңдайды, мінез қалыптастырады. Сондықтан біз балалардың спортпен жан-жақты айналысуына қолдау білдіреміз. Өздерінің спорттағы мүмкіндіктерін балалар бізге қазірдің өзінде көрсетіп отыр. Жас футболшылар болашақта кәсіби спортшы болады деп сенемін, – деді облыс әкімі.
Ойын қорытындысы бойынша екі команда 2:2 есебімен нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, мереке аясында «Жетісу» ФК ойыншыларының қолтаңбасы қойылған доптар балаларға сыйға тартылды.