Кеген ауданы Саты ауылдық округінің әкімі болып Батанов Әділхан Әшкейұлы сайланды.
Әділхан Батанов 1970 жылы 14 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1994 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әділхан Әшкейұлы еңбек жолын 1998 жылы Саты селолық округі аппаратының маманы болып бастаған. 2000-2001 жылдары Райымбек аудандық «Дәрігер» ЖШС-де мал дәрігері болып жұмыс атқарды. 2004-2007 жылдары Саты селолық округі әкімі аппаратында бас маман іс-басқарушысы болды. 2007 жылы Саты ауылында жаңадан құрылған «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылданып, осы мекемеде 2019 жылға дейін экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2019 жылдан осы уақытқа дейін «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде директордың орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылы 21 тамыздан Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылдық округіне әкім болып сайланды.