Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін нығайту мақсатында, мемлекеттік қызметтердің сапасымен қолжетімділігін артыру бойынша мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі талаптарының сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейтуде Жібек Жолы ауылдық округінің апаратында қалыпты жолға қойылған.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерін мүлдем қабылдамау ахуалын қалыптастыруға, округ аумағында орналасқан 6 орта мектеп директорларымен және Жаңа Шамалған АМСКО меңгеруші басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру жөнінде кеңестер, алдын алу іс шаралар, эссе жазу, семинар-тренингтер, ашық пікір алаңы ұйымдастырылып өткізіліп отырады.
Сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өзекті мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында, округ әкімдігінің интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде орналастырылып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін нығайту мақсатында насихаттық банерлер әзірленіп ілінді.
Қазақстан Республикасының «Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Жібек жолы ауылдық округінің апараты, осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы әр бір мемлекеттік қызметкер өз ісінде сапа мен адалдыққа сүйенуін, ар ілімін ұстануын, жауапкершілікпен кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясатын жандандыруды қолға алу, бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс дей отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне атсалысуға жауапкершілікпен қарау .
Сыбайлас жемқорлықтың белең алуын тоқтату құралы – ол, ар ілімін, қоғамның әділдігін тәртіп пен заңды сақтау дей келе, бұндай маңызды кездесулер әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Гүлнар Байгазина,
Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.