Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен кезекті «Түбіртекті талап ет — жүлде ұтып ал» атты республикалық науқан өткізілуде, деп хабарлайды Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған науқанға кез-келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл үшін оған тұтынған тауарды немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің суретке түсіріп «Play Market» немесе «App Store» мобильді бағдарламаларындағы «Таңдау» қосымшасына жүктеп, тіркеу шарт. Акцияға қатысушылар арасында 100 күн бойы 100 смартфон ойнатылатын болады. Ал, науқанның алғашқы жеңімпазы болып Іле ауданның тұрғыны Төлеген Тайлақов атанды.
Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын www.trebui.kz сайтынан көруге болады.