Қоғамдағы көкейкесті мәселе болып, ел ішіне білінбей кірген індет секілді, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық туралы бүгін Шамалған ауылдық Мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ іс» атты дөңгелек үстел болып өтті. Оған ауыл жастары мен Шамалған ауылындағы көп салалы кәсіптік колледждің студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыстастыру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша Мәдениет үйінің қызметкерлері ақпарат ақпарат беріп, ҚР Конституция заңнамаларымен таныстырды. Сонымен қатар сұрақ жауап алмасып студенттер сыбайлас жемқорлық туралы ойларын ортаға салып, әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктерімен жетуге тырысатындарын жеткізді.
Айжан БАЛАЖАНОВА,
Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы.