Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік билік құрылымдарында, сондай-ақ қоғамдық өмірдің басқа да салаларында заңсыз пайда табу мақсатында жасалатын әрекеттердің жиынтығы. Ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына теріс әсер етеді, мемлекеттік қызметтің сапасын төмендетеді, әділдік пен теңдікті бұзады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың маңызды бөліктерінің бірі болып табылады.
Қазіргі кезде әр адам өз құқықтарын білу және оларды қалай қорғау жолдарын түсіну керек. Бұл бағытта мемлекеттік органдар мен қоғамның барлық мүшелері бірлесе әрекет етсе, құқықтық сауаттылық артып, қоғамда әділеттілікті қамтамасыз етеді.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағытталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің алдын алуда, жүйелі және тұрақты шаралар атқаруды қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар, осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады» деп атап айтқан болатын.
Иә, расымен, озық әрі табысты елге айналу үшін қоғамда адалдық үстемдік құратын болса жетер жетістіктеріміз көп болмақ.
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қарасай ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында діни қызметкерлерімен және жастармен кездесті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің экс-төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық желі Президиумының төрағасы Алик Шпекбаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт Қарасай ауданындағы мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиында мемлекеттік қызметшілердің арасында Сыбайлас жемқорлықтың болдырмау және алдын алу бағытында қоғамдық бақылауды күшейту керектігі баса айтылды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға жемқорлықтың салдары мен қарастырылатын қылмыстық жаза жайында толық ақпарат берілді.
Ағымдағы жылы, аудан аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Құқықтық мәдениет» атты арнайы жоба аясында ашық сабақтар, «Әдеп және қызметтік мінезқұлық» кодексі жайлы түсіндіру жұмыстары, «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыптарында дөңгелек үстел, «Тәуелсіздігіміздің тірегі – Ата заң» атты музейлік сабақтар өткізілді. «Жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында бейнеролик әзірленіп, барлық әлеуметтік желілерде таратылды.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде 51 мате- риал жарияланып, көрнекі орындарға 11 баннер орналастырылды.
Қоғам пікірін есепке алу мақсатында аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ашылған «Сы- байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар мен есептер тұрақты орналастырылады.
Ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында облыста тұңғыш ашылған Шамалған ауылындағы Сервистік әкімдік жұмысын жүргізуде. Қаскелең қаласы, Жандосов, Жібек жолы ауылдық округтері де «Ашық әкімдік» форматына көшірілді. Барлық мекемелерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қағидасына сәйкес, Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2024 жылы 26 мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді. Мемлекеттік мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы Талдамалық анықтама мен берілген ұсыныстар бойынша жасақталған ісшаралар жоспары әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қала, ауылдық округ әкімдері аппараттары мен бөлімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттікқызметшілерімен, квазимемлекеттік сектор басшыларының қатысуымен «Сыбайласжемқорлық» тақырыбында сыбайлас жемқорлықкөріністерінің алдын алу мақсатында 2 семинаркеңес, 3 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмәселелері жөніндегі комиссияның 2024 жылғаарналған жұмыс жоспарына сәйкес, 2 отырыс өткізілді.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзектімәселелердің бірі. Шын мәнінде, жемқорлықхалқымызға жат қасиет. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықкөріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, адамбойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққақарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру,адамгершілік нормаларын сіңіру бағытындажұмыстар жүргізілу керек. Қазақстанда сыбай- лас жемқорлыққа қарсы саяси шаралар жүйелітүрде жүзеге асырылуда, және бұл үдерістіәр азаматтың қолдауымен, белсенділігіментолықтыру маңызды.
Қарасай ауданында Сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-шаралар, Әдеп кодексінің талаптарынқатаң сақтау бойынша жұмыстар алдағы уақыттада белсенді жүргізіле беретін болады.
Жасұлан ЕСТЕНОВ,
Қарасай ауданының әкімі.