Қарасай аудандық пробация бөлімінде шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілуде. Пробация –шартты түрде сотталған адамдарды сынақ мерзімімен бақылауға алып, жүріс-тұрысын түзетіп, қылмыс жасауды қайталауын болдырмауды көздейтін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар кешені. Шартты түрде сотталған адамдарға пробациялық бақылауға негізделген сынақ мерзімі кезінде көптеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, сот жүктеген міндеттердің орындалуы қадағалауда болады. Сотталған әрбір адамның жеке басы мен тіршілік жағдайы зерделеніп, оларға қажетті көмектің жеке бағдарламасы жасалады. Осы негізде олардың білім алуына, мамандық менгерулеріне, жұмысқа орналасуына, бұлардан басқа да қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек түрлері көрсетіледі. Пробация қызметі жергілікті атқаруышы органдар, азаматтық ұйымдармен бірлесе отырып атқарылады.