Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Қаскелең қаласында «Рахат Ресорт» емдеу-сауықтыру кешені ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдық қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беріліп, түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, конституциялық реформалардың қоғам өміріне және азаматтардың әлеуметтік-құқықтық жағдайына әсері туралы түсініктемелер ұсынылды.

