Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы саябақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында саябақ аумағында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосып, сенбілікке белсене атсалысқан барша тұрғындарға, мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлерге шынайы алғысымызды білдіреміз!

