Бүгін бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес Қаскелең қаласындағы аудандық кітапханада ақпараттық-түсіндіру тобы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.

