Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында «Мемлекеттік қызмет: ашықтық, әділдік, заңдылық» тақырыбында ауқымды форум өтті.
Айтулы шараға облыстағы 100-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты. Форум барысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің дамуына серпіліс пен үлес қосқан әр саладағы үздік мемлекеттік қызметшілер мен қоғам белсенділері анықталды. Жұмыстарын жүйелі жүргізіп, елеу еңбек етіп жүрген білікті мамандарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ляззат Бейсеқұлова марапаттады.
Осындай құрметке ие болғандардың арасында Қарасай ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы Райхан Нысанбаева да болды (суретте оң жақтан санағанда екінші). Аудан абыройын арттырған бөлім басшысы «Ең үздік кадр қызметшісі» номинациясы бойынша марапатталды.
Жетістігіңіз жемісті болсын, Райхан Сақабайқызы!
Өз тілшіміз.