Президентіміздің халыққа жолдауымен таныстым. Адамзат тарихы бұрын болмаған түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғалы тұрғанын сездім. Президенттің алға қойған мақсаттары қоғамның әр саласында жақсы жаңалықтар күтіп тұрғаны белгілі болды. Бұл жолдаудың ерекшелігі – тек қоғам емес жеке тұлғалардың өмірін жан-жақты қамтуы. Күрделі алға қойған мәселелерді халықпен сапасын референдум арқылы шешу керектігі айтылды. Атом станциясын салу көптен бері айтылып жүрген мәселе. Бұл мәселе де халықтың референдум арқылы шешілетінін айтты. Саяси бастамаларда орын алды. Облыс дәне аудандарда әкімді халық сайлайды. Бұл жақсы жаңалық деп ойлаймын. Әр Қазақстандықтарды 55 жастан қорғап, қолдау төлемдері көзделіп отыр. Ең төменгі еңбек ақы 85000 тг жеткізу керектігі айтылды. Білім мен денсаулық саласын өз деңгейіне көтеру керектігі айтылды. Бала саны жылдан жылға көбеюде. Мектеп тапшылығын азайту керектігі айтылды. Биылдың өзінде 55 мың оқушы 36 жаңа мектепте оқитын болды. Еліміз бойынша 70% бірінші сыныпқа баратын бала қазақ мектептерін таңдады. Бұл біздің мемлекеттік тілімізді нығайта түседі деп ойлаймын. Мен қолдайтын тағы бір жаңалық – халыққа 8 млн гектар жердің қайтарылуы. Ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлу керектігі айтылды.
Ауыл шаруашылығының 20% техникасы ескірген. Техниканың жыл сайын 10-15% жаңалау көзделіп отыр. Судың тапшылығы да өзекті мәселенің бірі. Судың тапшылығын ескере отырып, жаңа су үнемдейтін техника керектігі айтылды. Егістікті көбейту, су үнемдейтін жаңа сұрыптарды өсіру үлкен міндет. Су ресурстары министрлігі құрылатыны белгілі болды. Көлік логистика саласындада қарқынды даму көзделуде. Алматы айналып өтетін теміржол салу көзделуде. Көлік министрлігін қайта құру жоспарланады.
21 коммерциялық банктер, тек өздері үшін емес бюджетке кірісті көбейту көзделуде. Ескірген әскери техникағада көңіл бөлу керектігі айтылды. Кәсіпкерлер туралы жақсы жаңалық – кіші кәсіп пен орта кәсіпті біріктіріп, үлкейтіп орта кәсіп құру, бәсекелестікті дамыту қарастыру керек. 2024 жылдан бастап құқық қорғау тарапынан кәсіпті қудалау
1 жылға тоқтату керек. Наркомания мен наркобизнеспен күресу қолға алу керектігі айтылды. Президентіміздің жолдауын қолдай отырып, осы алға қойған мәселелердің бәрі қағаз жүзінде емес, шын мәнінде іске асырса деп ойлаймын. Ең басты міндеттің бірі Отанымызды қолдап, қорғайтын, білімді, тәрбиелі, саналы жастар көбейе берсін. Қазақстан алдыңғы қатардағы мемлекетттерге қосыла берсін.
Батиха НҰРТАЕВА,
Шамалған ауылдық аналар кеңесінің төрайымы.