Құрметті төраға,
Құрметті депутаттар!
Сіздердің қарауыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы енгізіледі.
Заң жобасы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды орындау(ҚРҮҚ 28.05.2019 ж.)шеңберінде әзірленгенжәне Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарында көзделген.
Жоба негізіне Мәжіліс және Сенат Парламентініңжұмыс тобы мүшелерінің, Үкімет жанындағы мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ жұртшылық пен сараптамалық қоғамдастықтың ұсыныстары қабылданды.
75 заңнамалық актіге, оның ішінде 10 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
2-слайд
Заң жобасы мынадай мақсаттарда әзірленді:
— Бірккен Ұлттар ҰйымыныңМүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының заңнамадағы кемсітушілік терминдерді жою жөніндегі нормаларын имплементациялау;
— мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – МБА)әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
— Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы «инватакси» және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға құжаттарды ресімдеу, табысы аз отбасыларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету.
3-слайд
— жұмысқа орналастыруды ынталандыру және МБА-ның экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау;
— еңбек ардагерлері санаттарын кеңейту;
— бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған, еңбек қызметі қайта басталған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің кепілдік берілген деңгейін белгілеу.
Осы нормалар «Нұр Отан» партиясымен қолдау тапқанын және сайлауалды тұғырнамада қамтылғанын атап өту қажет.
8 тұжырымдамалық жаңалыққатоқтала кетейін:
4-слайд.
Біріншіден. Мүгедектіктің себебіне қарамастан 1-топтағы МБА-ға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу.
Анықтама үшін: бөгде адамның тұрақты күтіміне мұқтаж 1-топтағы МБА күтім жөніндегі жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Оларға күтім жасауды көбіне жақын туыстары жүзеге асырады, олардыңжұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ.
Осы жәрдемақымен күтім жасайтын 24 мыңнан астам адам қамтылатын болады, оның мөлшері 48 мың теңгені (1,4 ең төмен күнкөріс деңгейінде)құрайды.
Сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер негізінде қажеттілік дәрежесін ескере отырып, жеке көмекшінің қызметтерін көрсету тетігі өзгертілетін болады.
5-слайд
Екіншіден. Өмір сүру мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптамасына сәйкес 7 жастан
16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді.
Бұл шара балалар сырқатының ауырлық дәрежесіне байланысты жәрдемақы мөлшерін сараланған түрде белгілеуге мүмкіндік береді.Бұл ретте,жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылады.
Анықтамаүшін: Бұл шара 30 мыңға жуық мүгедек баланы қамтиды. Нәтижесінде, мүгедек-балалар үшін жәрдемақы 1-топтағыларға 48 023 тг-ден 65 860 тг-ге дейін, 2-топтағыларға 48 023 тг-ден 54 541 тг-ге дейін,
3-топтағыларға 41 163 тг-ден 48 023 тг-ге дейін ұлғаяды.
Бұл норма Байқоңырда тұратын мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне де оң әсерін тигізеді, бұл Байқоңыр қаласында тұратын мүгедек балаларға мүгедектік бойынша зейнетақы Ресей Федерациясының заңнамасы бойынша, ал Қазақстан заңнамасы бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.
Анықтама үшін: жәрдемақымен 207 бала қамтылатын болады.
6-слайд
Үшіншіден. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру.
Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған норма енгізілген кезде 2 мыңнан астам бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қоса(мөлшері 39 2020 тг-ден 45 736 тг-ге дейін)асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы(мөлшері 11 489 тг-ден 28095 тг-ге)алатын болады.
Қазіргі уақытта олар таңдауы бойынша жәрдемақының бір түрін ғана алып отыр.
7-слайд
Төртіншіден.Халықаралық тәжірибені (Жапония, Германия, Франция)ескере отырып, МБА жұмысқа орналастыру квотасын орындаудың баламасы ретінде жұмыс берушілер үшін өтемақы жарналарын енгізуді ұсынамыз (2023 жылдан бастап). Жинақталған қаражат жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.
Анықтама үшін: 1 ЕТЖ мөлшері – тоқсанына 42500 теңге. Оператор ретінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ айқындалатын болады.
Бесіншіден.Жұмыс берушінің өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда еңбекте мертігуден мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдарымен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету.
Анықтама үшін: кәсіпорын қызметін тоқтата тұру кезеңінде немесе банкрот рәсімдерін жүргізу кезінде еңбекте мертігу салдарынан мүгедек болған
2 мыңнан астам адам ОТҚ-мен қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырылған.
Алтыншыдан.Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін тұрғын үй алғанға дейін есепте тұру құқығын сақтау.
Анықтама үшін: бүгінде тұрғын үйге кезекте тұрған және оны алмаған мүгедек балалары бар отбасылар «1 немесе 2-топтағы мүгедектер» санаты бойынша кезекке қайта тұруға мәжбүр. Республикада шамамен 94 мың мүгедек бала және әрбір бесінші отбасы (20 мың) тұрғын үйге мұқтаж.
8-слайд
Жетіншіден.Заң жобасының тағы бір негізгі жаңалықтарының бірі еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасының кепілдік берілген деңгейін белгілеу болып табылады.
Сегізіншіден.Мүгедек баланы күту кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту, бұрын мүгедек баланы күту кезеңі 16 жасқа дейін ескерілген. Бұл норма мүгедек балалардың жас топтарының өзгеруіне байланысты енгізіледі. Бұдан басқа, ол жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.
Анықтама үшін: бұл норма жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде 46 адамға қатысты болады.
Жалпы, Заң жобасында баяндалған нормалар мүгедектерді әлеуметтік қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қоса алғанда, мемлекет тарапынан базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін көрсетеді.
9-слайд
Заң жобасын қабылдау бюджет қаражатын қосымша бөлуді талап етпейді, шығын нормалары 2021 – 2023 жылдарға бөлінген қаражат – 55,4 млрд.теңге шеңберінде іске асырылатын болады.
Аталған нормаларды қабылдау Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың қойған осы жылғы міндеттерін шешудің алғашқы қадамдары болып табылады.
Қолдауды сұраймыз!