20 жыл бойы халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан «Отбасы банкі» – баспана алудың тиімді жолын көрсететін белгілі қаржы ұйымдарының бірі. Бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде бірқатар филиалдарын ашып, қанатын кеңге жаюда. Банктің осылай өсіп, өркендеуі халықтың қажеттілігінен туындап отыр деп білеміз.
«Отбасы банкінде» осыдан бір апта бұрын тағы да қуанышты оқиғалардың бірі орын алды. Қаржы ұйымының қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты Қарасай ауданында ашылып, өз клиенттерін жақсы жаңалығымен қуантты. Банктің мұндай мекемесі Қаскелеңде бұрын болғаны белгілі. Енді, міне, қаламызда аталмыш орталық екі қабатты, заманауи талапта жабдықталған жаңа жұмыс орнына (бұрынғы «БЖЗҚ» АҚ филиалы) көшті.
Ғимараттың салтанатты ашылуына Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев пен «Отбасы банк» АҚ-ның сату және аймақтық даму жөніндегі департаментінің директоры Рахиля Балтабаева арнайы қатысып, банктің ұжымына ақ тілектерін жеткізді. Одан кейін аталған құрметті қонақтар қызыл лентаны кесіп, ресми түрде кеңсенің ашылуымен құттықтады. Бұл шараға, сонымен қатар, қаржы мекемесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін ауда ндық әкімдіктегі бірнеше бөлімнің өкілдері келіп, қызметкерлердің қуаныштарымен бөлісті.
Бұл шараның барысында ән айтылып, қаржыгерлердің өнерден алыс еместігі де байқалды. Шашу шашылып, қызыққа толы сәттер орын алды.
Әріптестерінің басқа мекенжайға көшуімен құттықтаған Рахиля Әскерқызы аудан тұрғындары үшін бұл филиалдың тиімді тұстарын да сөз етті.
– Қарасайлықтар банктің жаңадан ашылған қызмет көрсету орталығында барлық қызметке қол жеткізе алады. Мұнда баспанаға қатысты тегін кеңес алумен қатар, депозитті ашудан бастап, несиені төлемін де жүзеге асыра алады. Қарасай ауданының халқы осы орталық арқылы баспанаға бағыт алып, өз арманынына қол жеткізсін, – деп тілегін білдірді «Отбасы банк» АҚ-ның сату және аймақтық даму жөніндегі департаментінің директоры Р.Балтабаева.
Дидар МӘЛІКҰЛЫ.