Бүгін Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда Қонаев қаласының Құрметті азаматы, ішкі істер саласының ардагері Қалижан Алпысбаев №942 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
– Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бір шаңырақ астында бірлігі жарасқан халқымыздың бейбітшілікте ғұмыр кешкенінен артық бақыт жоқ. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – дейді Қалижан Алпысбайұлы.
Алматы облысында азаматтар кәрі-жасқа қарамай сайлауда өз дауыстарын беріп жатыр. Бір айта кетерлігі, мұндай саяси науқанда ел ағалары – ақсақалдар мен ардагерлер көпшілікке үлгі көрсетіп, елдің алды болып белсенділік танытуда.
Алматы облысында азаматтардың дауыс беруі үшін 629 сайлау учаскесі ашылған.