Алматы облыстық оқушылар арасында ұлттық мектеп лигасының ашылу салтанаты аптаның екінші күні Қарасай ауданынына қарасты Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер кешенінде өтті. Айтулы шара аясында спорттың 10 түрі бойынша ауқымда бәсекелер өрбігенін айта кету керек. Ал, жарыс жеңімпазы мектеп спорт лигасынның республикалық деңгейінде облыс намысын қорғайды.
Орта мектеп оқушыларының жыл бойы асыға күтетін ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің алғашқы жарыстары биыл 14 мен 16 ақпан аралығында өтті. Алматы облысының ұйымдастыруымен 5 пен 11 сынып оқушылар арасында өтетін сайысқа өңірдегі аудандардан тоғыз командадан 200 бала бақ сынайтын болады. Бұған дейін ұлттық лига ойындары мектепішілік, аудан деңгейінен аспаған. Ал, бұл жолы өз топтарынан іріктеліп шыққан жас спортшылар ғана қатысуға мүмкіндік алған. Аталған сайыста оқушылар баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, фудзал, бес асық, шахмат, үстел теннисі, жеңіл атлетикалық спорт түрлері бойынша жарысқа түсті. Сонымен қатар бұл лига ұлттық спорт түрлері де ұмыт қалмаған. Олардың қатарында асық ату, тоғызқұмалақ сынды ойын түрлері бар. Кіл мықтыдан, кім мықтыны анықтайтын бұл додаданың жеңімпаздары ұлтық мектеп лигасының республикалық кезеңіне жолдама алады.
Лиганың салтанатты рәсіміне Алматы облысы білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім тәжірибелік орталығының директоры Қайрат Берікболсын мен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асель Еркімбаева қатысты.
Айта кету керек, лиганың алғашқы спорт түрінен жарыс футболдан Қарасай ауданында өткізілсе, шахматтан сайыс Жамбыл ауданында болды. Ал, қалған ойын түрлері жеребе сәйкес әр ауданда өтті.
Бұрым ОРЫНБАСАР.