Қарасай ауданында Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша 4 мамырда аудандық қоғамдық штаб құрылды. Штаб өз жұмысын 11 мамырда ресми түрде бастайды.
23 сәуір күні өткен партияның кезектен тыс ХІХ съезінде «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынғаны белгілі. Еліміздің барлық өңірінен 623 делегат қатысқан съезд тарихи оқиғалы ауқымдылығымен, жоғары деңгейде өтуімен ерекшеленді. Осыған байланысты, «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының мәжіліс залында съезд шешімімен ҚР Президенттігіне ұсынылған кандидатты қолдау бойынша аудандық қоғамдық штабтың құрылғаны туралы жиын болып өтті.
Алдымен, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат сөз алып, штабтың мүшелерімен және арнаулы топтың алға қойған міндеттерімен таныстырды. Қарасай аудандық сайлауалды штабының жетекшілігіне Ақшолпан Қайратқызы тағайын-далды. Оның құрамында қоғам қайраткер-лері, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, жеке кәсіпкерлер, Жастар ресурстық орталығының мамандары және БАҚ өкілдері бар. Барлығы 19 адам.
Штабтың негізгі міндеті – президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қолдау көрсету, оның сайлауалды тұғырнамасын түсіндіру бойынша жан-жақты насихат жұмыстарын жүргізу, сенімді өкілдер мен белсенділердің жұмысын үйлестіру.
Аудандық қоғамдық штаб өз тарапынан сайлау науқанының қолданыстағы заңнама аясында жоғары деңгейде өтуіне бар күшін салатын болады.
Б. ЕРМЕКҚЫЗЫ.