Жаңа жобада адам құқығы мен бостандығын шектеу жағдайлары нақты көрсетілуі маңызды жетістік деп ойлаймын. Енді әрбір адамның құқығы мен бостандығы басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға, қоғамдық тәртіпті сақтауына, азаматтардың денсаулығына және қоғамның адамгершілік қағидаларына сәйкес болуына тиіс. Бұл өзгеріс құқықтық нормаларды нақтылап, қоғамдағы жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті күшейтеді. Бұрынғы Конституцияда мұндай норма болмағандықтан, жаңа редакция азаматтар …
Жаңа жобада 12-бапта көрсетілгендей, егер азаматтың басқа мемлекеттің азаматтығы болса, Қазақстан азаматтығы тоқтатылады. Бұл норма азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігін нақтылай отырып, Қазақстан Республикасына деген саяси және құқықтық адалдықты күшейтуге бағытталған. Бір азаматтық қағидатын бекіту елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтып, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланысты айқындайды. Сонымен қатар, бұл азаматтық құқық пен міндеттердің жүйелілігін қамтамасыз етіп, …
Бұл өзгерістер Конституцияның мәнін нақтылап, мемлекеттің іргелі қағидаттарын күшейтуге бағытталған деп ойлаймын. «Конституциялық құрылымның негіздері» атауы мемлекеттіліктің басты тұғырларын айқынырақ көрсетеді. Ал егемендік, тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық пен басқару формасының өзгермейтіні туралы норманың енгізілуі Қазақстанның тұрақтылығы мен саяси тұтастығын нығайта түседі. Амангелді Шәріпқұлов, Әйтей ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы.
Биыл Қазақстандық жеке құрамдағы «Атқыштар батальонының» Тәжік–Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толып отыр. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысына сәйкес елімізден 500 сарбаздан құралған атқыштар батальоны ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау мақсатында құрылды. Сол сарбаздардың қатарында Қарасай ауданынан шыққан азаматтар да Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бүгін Қаскелең қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында …
Алматы облысында 2026 жылға көктемгі дала жұмыстарын үйлестіру үшін жүйелі шаралар қабылдануда. Облыста биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 436,0 мың гектар алқапқа егіледі. Аталған деректі, облыстық ауыл шауашылығы басқарма басшысының орынбасары Еркінбек Дауткулов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Биылғы жылы дақылдардың 53 пайызы суармалы егіс алқабына себіледі. Сәйкесінше, жүгері алқабы 52,6 мың гектарға дейін ұлғайса, майлы дақылдар 24,4 …
Бұл өзгеріс өте дұрыс және маңызды. Азаматтардың табиғатты қорғауға міндетті болуы – қоршаған ортаны сақтау мен табиғи байлықты болашақ ұрпаққа аман жеткізуге көмектеседі. Енді бұл норма Конституцияда нақты жазылған, сондықтан әрбір адам табиғатқа қамқорлықпен қарауға жауапты екенін түсінеді. Бұл қадам елдің экологиялық тұрақтылығын күшейтеді және азаматтардың табиғатты қорғаудағы рөлін айқын көрсетеді. Толқын Қанағат, қоғам белсендісі.
Менің ойымша, Конституцияның бірінші және екінші баптарындағы өзгерістер елдің негізгі құрылымын нақты әрі түсінікті етеді. «Жалпы ережелер» атауының орнына «Конституциялық құрылымның негіздері» деп өзгеруі мемлекеттің іргетасы неден тұратынын айқын көрсетеді. Кейбір уақытша немесе артық нормалардың алынып тасталуы Конституцияны ықшам әрі түсінікті етеді. Ең бастысы, Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі, біртұтас болуы, аумақтық тұтастығы және басқару формасы өзгермейтіні …
Я считаю, что это изменение показывает, что государство хочет более рационально распределять ресурсы. Раньше каждый имел право на бесплатную юридическую помощь, а теперь она предоставляется только тем гражданам, кто не может себе позволить нанять адвоката. Это поможет сосредоточить поддержку на тех, кто действительно в ней нуждается. В то же время важно, чтобы люди не теряли …
Конституцияға өзгерістер тек референдум арқылы енгізілуі – демократиялық және әділ қадам. Бұрын президент өзгерістерді парламент қарауына референдумсыз ұсына алатын, ал енді халық тікелей дауыс беріп шешеді. Бұл ел азаматтарының Конституцияға қатысуын арттырады, билік пен халық арасындағы сенімді күшейтеді. Сонымен қатар, маңызды заңдар мен нормалар тек халықтың келісімімен қабылданатындықтан, оларды кең қолдауға ие болады. Жалпы, бұл …
Адам құқығы мен бостандықты нақтылау өте дұрыс шешім. Енді әрбір адам өз құқықтарын пайдалана отырып, басқалардың құқықтары мен бостандықтарына зиян келтірмеуі керек. Сонымен қатар, құқық пен бостандық қоғам тәртібі, азаматтардың денсаулығы және адамгершілік қағидаттарына қарсы болмауы тиіс. Бұрын бұл норма нақты жазылмаған, сондықтан жаңа ереже азаматтар арасындағы өзара сыйластықты және қоғамдық тәртіпті нығайтады деп ойлаймын. …










