Бірінші желтоқсан – тарихта алғаш рет Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде сайлау өткізген күн. Осы сайлауда 98,2 пайыз дауыс жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев азат қазақтың алғашқы Президенті болып сайланды. Бұл 1991 жыл болатын. Араға 20 жыл салып, 2011 жылы 10 желтоқсанда тұңғыш сайлау өткен күнді Тұңғыш Президент күні мерекесі ретінде атап өту туралы шешім шықты. 2012 …
(Жолдаудан кейінгі ой) «Айтылған сөз – атылған оқ» дегендейін, Жанға жағар сөз айтты Кемеңгерім. Жолдаудың әр жолына көз жүгіртсек, Қызығым көп екен-ау көрер менің. Нағыз ер Осылай деп нақты айтады, Халқына жаны ашып, қатты айтады, Елбасының шырылдап айтқан сөзі, Жүрмесе екен Құлықсызға жақпай тағы. Қашанғы қара бастың қамын ойлап, Ұмытылмақ… Өскен жер Ауыл-аймақ. Құлаған үй, …
Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні. Ол барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні! Елбасы балалық шағынан бозбалалық шағына дейін Шамалған ауылында өсті. Сол кезеңдегі көптеген қиындықтарды басынан өткерді. Кедейліктің, сол заманғы қиындықтың ащы дәмін татты. Жер аударылып келген шешен, орыс, украин, чуваш халықтарымен бір нанды бөлісіп жеп, тату-тәтті өмір …
Сүлеймен Демирел университетінде осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан Денсаулық күні акциясы биыл да жалғасын тапты. «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл шара барысында дәрігерлер тегін кеңестерін берді. Атап айтар болсақ, аудандық орталық аурухананың орта буын қызметкерлері Жұлдыз Алымжанова, Олеся Дәулетбаева, Жансұлу Өмірзақова студенттер мен оқытушылардың қанының қысымын, қанттың және холестеринін …
Жуырда М.Мәметова атындағы орта мектепте қазақтың біртуар тұлғасы, халқымыздың ақын-сазгері, ҚР-на еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың 134 жылдығына орай, «Алатаудың ақиық ақыны – Кенен Әзірбаев» атты әдеби-сазды кеш өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында болған іс-шараның мақсаты қазақ сөз өнері мен музыкасына елеулі үлес қосқан ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру, эстетикалық тәрбие беру …
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар өтеді. Соның бірі жуырда Алтын ауыл орта мектебінде ұйымдастырылып, оған үлкен отбасының, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар шақыртылды. Жалпы, аудандық білім бөлімінің бастамасымен өткен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасында алғашқы сөз аталмыш мекеме басшысының орынбасары Әсет Нұрекеновке берілді. Ол жылы …
Жуырда аудандық мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазыналы Қарасай» жайдарман ойыны өтті. Жалпы шараның басты мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, бойларындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру және талантты жастарды қолдау, достық қарым-қатынасты орнату, көңілді тапқырлыққа бейімдеуге арналды. Оған арнаулы орта білім беретін жеті колледждің студенттерінен …
Осы аптада аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев пен «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат аудан орталығы жанындағы Әйтей ауылына барып, сондағы жаңадан салынып жатқан 1200 орындық, жобалық құны 3,5 млрд. теңгелік мектеп құрылысын аралап көрді, атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты танысты. Бұл ретте бірге жүрген аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жарас Қатубаев …
Алматы облысы дін істері басқармасының қолдауымен «Рухани керуен» жобасы қазіргі таңда ауданымызда жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. Аталмыш іс-шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып, көптеген мәселелердің шешімін табуға септігін тигізуде. Жуырда сондай игі іске бастамашы болып, аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен кезекті жиын болды. Райымбек ауылдық округіне қарасты …
Аптаның бірінші күні аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған төрағалық еткен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев және комиссия мүшелері ретінде, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қаныбек Айтжанов, аудандық мәслихаттың депутаттары Дамиля Қлышбаева …