Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат жұмыстары Атырау облысында жалғасты. Кандидат Сарайшық ауылының дәрігерлерімен кездесті. Кездесуде ауылдық елдімекендердегі медициналық қызметтің сапасы жайлы айтылды. Бүгінгі ауылдардағы инфрақұрылымдың өзекті проблемалардың бірі – медициналық сақтандырумен қамтамасыз ету. Ауыл тұрғындарының тұрақты жұмысы болмағандықтан медициналық сақтандыру қорына түсетін түсімдері жоқ. Сол себепті мемлекет тарапынан көрсетілетін медициналық көмек ауылдықтарға арман. …
Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығысында болды. Ол Өскемен қаласында екі кездесу өткізді. Алғашқы кездесу жергілікті экологтар мен осы салада жүрген белсенділермен өтті. Тұрсынбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр. Атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі 370-тен астам кәсіпорыннан шығатын қалдықтар болып табылады. Ол, …
Кандидат в президенты РК Каракат Абден продолжает агитационную в Туркестанской области. Сегодня на встрече с избирателями были обсуждены актуальные вопросы общества и развития туризма в стране. Как отметила К.Абден, Туркестанская область, на территории которой находятся исторические памятники и объекты культурного наследия, обладает большим потенциалом для развития туризма. «Туркестан с древних времен считается духовной столицей и …
ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында білім беру кәсіподақтарының мүшелерімен-мұғалімдермен кездесті. Ол оларға өзі туралы және сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. Балаларды тәрбиелеу мен болмысын қалыптастырудағы педагогтардың жоғары мәртебесін атап өтті. Сонымен қатар, үміткердің мұғалімдерге жүктеме жыл сайын артып келетінін, ал жалақы сол қалпы өспейтінін айтты. «Мұғалімнің жұмысын қиын еңбек жағдайларына байланысты жұмыспен салыстыруға болады. Мұғалімдер …
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. РҚШ мүшелері «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген елдің энергетикалық секторын дамыту жөніндегі шараларға назар аударды. «Бүгін штаб мүшелері мұнай-газ, балық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен, Атырау облысының жұртшылығымен және жастармен кездеседі. Біздің міндетіміз …
ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Алматы қаласына барды. Онда ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны кандидаттың Алматы қаласындағы штабы ұйымдастырды. Қатысушылар қатарында құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері, сенімді өкілдер мен қоғам қайраткерлері бар. Тараптар сыбайлас жемқорлықтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл …
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына келді. Ең алдымен кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті. Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді экспорттауға ниетті. Алайда, кей кезде кәсіпорынға бидай жеткізкуде қиындықтар …
Бүгін ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысына сапармен келіп, Жанаөзен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі ғимаратында сайлаушылармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, мұнай-газ саласы ел бюджетінің басым бөлігін құрайды. Дегенмен аталмыш өңір инфрақұрылым жағынан артта қалған аймақтардың бірі болып …
Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасуда. Бүгін кандидат Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» атты тігін фабрикасының ұжымымен жүздесті. Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер мен әлеуметтік сұрақтар талқыланды. Тігін фабрикасы ұжымының басым көпшілігі әйелдер қауымы болғандықтан, олардың тарапынан кандидат ұсынған әйел-аналарды, көп балалы отбасыларды қолдау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты шараларға …
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбына арналған жиын өткізді. Жиын Атырау қаласында ұйымдастырылды. «Ана мен бала өлімінің деңгейі – ел медицинасының дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіштер мемлекеттегі өмір сүру деңгейі туралы да айтады, содан кейін ол халықаралық рейтингтерде де көрсетіледі. Қазақстанда бұл көрсеткіштер бұрыннан өсіп келе жатқанымен, …