Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін аса маңызды рухани мереке. Бұл күндер мейірімділік пен жанашырлықты, жақынға жәрдемдесу мен қоғамда ынтымақ пен бірлікті арттыруды дәріптейді. Құрбан айт мерекесі – тек діни мейрам ғана емес, бұл – рухани тазару, қоғамда мейірімділік пен бауырмалдықты нығайтатын ерекше күн. Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Сағи …
Алматы облысында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы жастар саясаты басқармасының бас маманы Мадина Есентемирова және «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәулет Ауданбаев мәлімдеді. Бұл жоба жастарды ерікті еңбекке тарту мәдениетін қалыптастыру, азаматтық белсенділікті арттыру және волонтерлік қызметті жүйелі дамыту мақсатында іске …
Алматы облысында жастар арасында есірткіге тәуелділік, суицид, құмар ойындар сынды зиянды әдеттердің таралуының алдын алуға бағытталған кешенді «SAQTAN» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма басшысының орынбасары Жексенбеков Дастан, Алматы облысы Жастар саясаты басқармасының бас маманы Есентемирова Мадина және «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» …
Президент Тоқаевтың «Астана» форумындағы сөзі Қазақстанның халықаралық диалогтың конструктивті орталығы ретіндегі рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қауіпсіздік архитектурасы күйреп, жаңа жүйелер қалыптаспаған шақта дәл осындай алаңдар – диалог орны, пікір алмасудың ашық алаңы ретінде ерекше маңызды. Мемлекет басшысы нақты жеткізді: Қазақстан үшін әлемдік шешімдерге қатысу – амбиция емес, бұл – жауапкершілік. Біз өзімізге тыңдауды және …
«Астана» халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің қазіргі күйін бүкпесіз жеткізді: 52 елде соғыс жүріп жатыр, ал зорлық-зомбылықтың әлемдік экономикаға келтірген шығыны – 19 триллион доллар, яғни әлемдік ЖІӨ-нің 13,5 пайызы. Бұл – жай статистика емес, бұл – бүкіл халықаралық қоғамдастыққа арналған ескерту. Президент Тоқаев мәселені атап қана қойған жоқ, ол адамзат алдында …
Қарасай ауданында кісі өлімімен аяқталған қайғылы жағдай орын алды. Мамыр айының 23 күні ауданға қарасты Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан құрама жем және ұн өндірумен айналысатын «АзияАгроФуд» АҚ-ның аумағындағы құрама жем зауытында ұн тозаңы атылып, оның арты үлкен өртке ұласқан. Оқыс оқиға салдарынан төрт жұмыскер ауыр жарақатпен Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Алайда …
Біз кейде өнер адамдары жайлы жазғанда көбінесе әнші, күйші, биші, әртіс атаулысын тақырыбымызға тұздық етіп жатамыз. Алайда кез келген концерттік немесе мерекелік кеш басталмас бұрын алдымен жалпақ жұрттың алдына шығып амандасып, ең алғаш халықтың қошеметіне ие болатын жүргізушілерді ұмытып кететініміз бар. Олар да өнер деген өлкенің өкілі екенін білгеніміз жөн. Себебі сахна шымылдығы түрілген сәттен …
Барша мұсылманның қадір тұтып қастерлейтін мерекелерінің бірі Ораза айт болса, екіншісі – Құрбан айт. «Құрбандық» атауы бодау беру, сарып ету дегенге саятын мағыналар береді. «Құрбан» атауының түбір сөзі болған «Қариб» – «Жақындау», яғни Алланың разылығына жақындау дегенді білдіреді. Олай болса Алланың разылығына бөленуді мақсат еткен пенденің мал-дүниесін, уақытын, тіпті керек болған сәттерде жанын да құрбан …
В свои 12 лет Айзере Даулбай из села Кокозек Елтайского сельского округа перенесла восемь операций и двенадцать анестезий. Пытаясь справиться с болезнью, вместе с мамой Гулим она была в Ташкенте, Турции, Астане… Но несмотря на все трудности девочка любит жизнь, а её рисунок завоевал Гран-при на конкурсе, организованном Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больницей к …
Алда келе жатқан 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні аясында Қарасай клиникалық көпсалалы аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен ерекше балалар арасында сурет салу сайысы өтті. Аудандық орталық аурухананың медициналық-әлеуметтік және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Дана Таждинованың мәліметіне сүйенсек, мұндай шара осы уақытқа дейін ұйымдастырылмаған. Сондықтан өнерлі жастарды ынталандыруды мақсат еткен сайыс алғашқы бастама ретінде осы жылы …










