Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). «Мың бала» олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
«Мың бала» олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті
10:35, 08 мая 2021

«Мың бала» олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті

Осы аптаның сәрсенбісі күні Шамалған ауылындағы Әлжан Бұқарбайқызы атындағы орта мектепте жыл сайын ұйымдастырылып, оқушылардың арасынан дарындыларды анықтап, оларға үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беретін «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті. Онда 175 дарынды қарасайлық білімгер өзара бәсекеге түсті.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры мемлекет болашағы үшін маңызды бірқатар бастамаларды қолға алды. Оның бір бағыты талантты, дарынды жастарды жүйелі түрде қолдауға арналған. Жылда ұйымдастырылып, ауылдардағы дарынды әрі қабілетті жас қазақстандықтарды қолдап, оларға үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беретін «Мың бала» ұлттық олимпиадасы да соның бір жемісі. Аталмыш байқау бұл жылы да өз жалғасын тауып, жуырда осы аптаның сәрсенбісі күні ауданымызда оның екінші кезеңі өтті.
«Ел үміті» жол картасы аясында және облыстық «Жетісу» дарын әдістемелік орталығының атсалысуымен Шамалған ауылындағы Әлжан Бұқарбайқызы атындағы орта мектебінің ғимаратында ұйымдастырылған сайысқа 175 дарынды қарасайлық қатысты. Айта кетейік, екі кезеңнен тұратын олимпиаданың алғашқы айналымы 2020 жылдың желтоқсан айында өткен болатын. Ойлайн-форматтағы білім бәсекесінің бірінші кезеңіне 2359 қарасайлық талапкер қатысып, функционалдық сауаттылық пен абстрактілі-логикалық ойлау дағдыларын сынады. Бұл кезеңде жоғарыда айтып өткен 175 дарынды бала жеңімпаз атанып, бүгін өткен келесі кезеңге жолдама алған еді.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып Әлжан Бұқарбайқызы атындағы орта мектебінде (бұрынғы Үшқоңыр қазақ орта мектебі) ұйымдастырылған білім додасына алғашқы сыннан үздік шыққан 175 талапкер қатысты. Біріңғай Ұлтық Тестілеу мен ұстаздардың білімдерін тексеру үшін жасалған «U-study» орталығында қатысушылар математика, жаратылыстану, информатика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндері бойынша онлайн түрде үлгерімдерін бағалады.
Байқау қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.
Бір айта кетерлігі, олимпиада тегін өткізіледі, оған шартқа сәйкес 5 және 6-сынып оқушылары қатыса алады. Қатысуға арналған басты ереже – үміткерлер соңғы екі оқу жылында ауыл мектептерінде білім алуы тиіс. Жеңімпаз атанған талапкерлер грамоталар мен бағалы сыйлықтардан бөлек ауыл мектептерінің оқушыларын арнаулы үш тілде оқытатын гимназия, лицейлерге түсе алатын болады.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru