Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованың төрағалығымен алдағы кезеңге арналған жұмыс басымдықтарын талқылау бойынша МҚІА-ның кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тиімді және сапалы өзара іс-қимылының өзекті мәселесі айтылды.
– Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлу, оларды Мемлекеттік басқару академиясының базасында БАҚ-тағы, әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға дұрыс әрекет ете білуге үйретуді қамтамасыз ету қажет, – деді ведомство басшысы.
Академияға бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдардың басшы қызметкерлері үшін осындай дағдыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу тапсырылды.
Агенттік төрағасы А.Жайылғанованың тағы бір айтқаны, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында білім беру жүйесі экономиканың бір бөлігі болып табылатындығын атап өткені. Сондай-ақ, төраға өз сөзінде әрбір мемлекеттік қызметшінің біліктілігі, халықпен және халықтың мүддесі үшін жұмыс жасау қабілеті мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы сенімді қарым-қатынас құрудағы жүйе құраушы элемент болатынын да жеткіздді.
– Бүгінгі таңда Агенттікке келіп түскен өтініштер санының өсуі байқалады, бұл халықтың біздің жұмысымызға деген сенімінің көрсеткіші болып табылады. Осы ретте, біз олардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге міндеттіміз. Әрбір шағым жан-жақты зерделеніп, қисынды аяқталуға тиіс, – деді Агенттік төрағасы Анар Жайыл-ғанова. Сонымен қатар, Агенттік төрағасы сөз барысында өтініштерді сапасыз қарау фактілері талданып, кінәлілерге қатысты елеулі шаралар қабылданатындығын да ескертті.