Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесу барысында мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Президент қазақ тілін одан әрі дамыту тақырыбы әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін айтты. Ең алдымен, қазақ тілінің қолданыс аясын арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға басымдық беру жөн деді. Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамын мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмыс жүргізуге шақырды. Өз кезегінде Рауан Кенжеханұлы қордың бастамасымен жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспары жайында мәлімет берді. Сонымен қатар Президент әртүрлі әлеуметтік топтардың, оның ішінде жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған шаралардың қажеттілігіне ерекше тоқталды.
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселердің көтерілгені байқалды. Мен де тіл жанашыры ретінде Рауан Кенжеханұлының әрбір көтерген мәселесін, қос қолыммен қолдаймын. Әсіресе білім беру жүйесіндегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі және құралдарын жетілдіру керек екендігіне қатысты айтқан ұсыны өте орынды деп ойламын. Сондай-ақ, Рауан Кенжеханұлы әлемдік тәжірибеде мәдени, гуманитарлық сипаттағы ұйымдар эндаумент қорлар арқылы жұмыс істеп, Қоғам қызметін одан әрі жандандыру үшін осы тәжірибені енгізуді ұсынды және оған өз атынан үлес қосатынын мәлімдеді.
Шара Қанатқұлқызы,
Қарасай аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.