Жақында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде қазақтың көрнекті ақыны, әдебиет зерттеуші, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты апталық өтті.
Аталған іс-шараны мектеп директоры Б.Досаева ашып, Ахметтің жырлары ұрпақтың мол мұрасы, сарқылмас қазынасы, рухани азығы екендігін айтты. Одан кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Л.Генжемуратова апталықта өтетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Сонымен апталықтың басы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аймереке Жанашбаеваның ұйымдастыруымен оқушы-лардың ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуымен басталды. 11 «Д» сыныпта Жадыра Кеулімжаева «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы», 7 «Г» сыныпта Амангүл Ережепова «Тіл – рухани байлық», 6 «А» сыныпта Гүлмира Бертилеуова «А.Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні» , 10-сыныптарда Бақыткүл Рысбаева «А.Байтұрсынұлы шығармаларының өзектілігі», 9 «Г» сыныпта Жанат Утегенова «Тіл – татулық тірегі», 8 «А» сыныпта Ләззат Генжемуратова «Тіл – ең асыл құндылық» атты ашық сабақтар өткізді.
Апталық одан әрі бірқатар ұстаздардың сабақтарымен жалғасты. Атап айтқанда, Ләззат Утесинова 9-сынып оқушыларымен «Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыбында конференция, Медеубек Ильясов 11-сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынұлы: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек» тақырыбында дебат, Азима Мусаханова 6 «Е» сынып оқушыларымен «Ана тілім – ардағым», 5 «Д» сыныпта Тұрсынай Алдонғарова «Тіл – ел тірегі » атты сайыс, Жанат Тажиханова 8 сыныптармен «Мемлекеттік тіл – ортақ қазына» тақырыбында дөңгелек үстел, Нұршат Қойлыбаева 6 сынып оқушыларымен «Тіл – халық қазынасы» деген тақырыпта Брейн ринг, Шынарбек Тұрсын 5-11 сынып оқушылары арасында «Тілім – алтын қазынам» атты айтыскерлік дуэль, Көмекбай Сақтағанов 5-11 сынып оқу-шылары арасында «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл» деген тақырыпта эссе байқауын өткізді.
Іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. Апта-лықтың соңы Толғанай Алымбаева, Ұлмекен Нұрбаеваның жетекшілігімен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты әдеби-сазды кешпен аяқталды. Онда ақын өлеңдері оқылып, жан-жақты насихатталды. Ал әдеби басқосуды мектеп директоры Б.Досаева қорытындылап, туған халқына қызмет етуге бар ғұмырын арнаған ойшыл ақын өз дәуірінің сәулелі жұлдызына айналғанын, ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін бағалау, мол мұрасын зерделеу – бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Смағұл ШМАНОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.